Теректі аудандық мәслихаттың

ШЕШІМІ

№ 3-1   2021 жыл 16 ақпан

2021 жылға арналған Теректі

аудандық мәслихаттың

жұмыс жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Қосымшаға сәйкес Теректі аудандық мәслихаттың 2021 жылға  арналған  жұмыс жоспары бекітілсін.

2. Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Сессия төрағасы Ш. Какижанова

Аудандық мәслихат хатшысы Ә. Нұрғалиев                        

 

Теректі аудандық мәслихатының

2021 жылғы 16 ақпандағы №3-1 шешіміне

қосымша

Теректі аудандық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс

ЖОСПАРЫ

I-тоқсан

1. Мәслихаттың 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

II тоқсан

1. 2020 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.

2. 2020 жылға арналған ауылдық округтердің бюджетінің атқарылуы туралы.

3. Теректі ауданында медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасы туралы.

4. Теректі ауданының жергілікті атқарушы органдарының жайылымдарды сапалы жақсарту және ұлғайту жөніндегі жұмысы туралы.

III-тоқсан

1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау бойынша есеп беруі туралы.

2. Теректі ауданында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша қабылданған шаралар мен жағдайы туралы.

IV-тоқсан

1. 2022 – 2024 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы.

2. Теректі аудандық мәслихатының бюджет, экономика және кәсіпкерлікті дамыту , экология, жерге орналастыру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі.

3. Теректі аудандық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі.

4. Аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

 

Теректі аудандық мәслихатының  білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік мәселелер

жөніндегі тұрақты комиссиясының 2021 жылға арналған жұмыс ЖОСПАРЫ

I-тоқсан

1. Теректі ауданында қашықтықтан білім беру сапасы туралы.

2. Теректі ауданының жергілікті атқарушы органдарының мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы.

II-тоқсан

1. Теректі ауданында халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты азайту туралы.

2. Теректі ауданындағы эпидемиологиялық жағдай туралы.

III-тоқсан

1. Теректі ауданында жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру және оның жұмысы туралы.

2. Теректі ауданының жергілікті атқарушы органдарының мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кедергісіз орта құру жөніндегі жұмысы туралы.

IV тоқсан

Теректі аудандық мәслихатының шешімдерін орындау туралы.

 

Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика және кәсіпкерлікті дамыту, экология,

жерге орналастыру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі тұрақты

комиссиясының 2021 жылға арналған жұмыс

ЖОСПАРЫ

I-тоқсан

1. Теректі ауданының 2016 – 2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасының орындауы туралы.

2. Теректі ауданында мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуді ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы.

II-тоқсан

1. 2020 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.

2. 2020 жылға арналған ауылдық округтердің бюджетінің атқарылуы туралы.

III-тоқсан

1. " Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты" Мемлекеттік Мекемесінде және " Долин ауылдық округі әкімінің аппараты" Мемлекеттік Мекемесінде 2020 жылғы бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы.

2. Теректі ауданында шағын және орта бизнесті дамыту перспективалары туралы.

IV тоқсан

1. Теректі ауданының бюджетінің 2022-2024 жылдарға арналған жобасы туралы.

2. Теректі ауданының ауылдық округтері бюджетінің 2022 – 2024 жылдарға арналған жобасы туралы.


 

Теректі аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

№30-3                                                                          2018 жыл 28 желтоқсан

 

 

2019 жылға арналған

Теректі аудандық мәслихаттың

жұмыс жоспарын бекіту туралы

 

        

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қосымшаға сәйкес Теректі аудандық мәслихаттың 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
  2. Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

 

Сессия төрағасы                                                                 А. Сагидоллин

 

 

Аудандық

мәслихат хатшысы                                                            Ә. Нұрғалиев

 

 

 

                      Аудандық мәслихаттың

2018 жылғы  28 желтоқсандағы

30-3 шешіміне  қосымша

                                                                                                                 

 

 

Теректі аудандық мәслихаттың 2019 жылға арналған

жұмыс жоспары

 

 

1 тоқсан

  1. Білім беру саласындағы басым бағыттарды дамыту бойынша іс-шаралардың орындалу барысы туралы есеп

 

 

2  тоқсан

  1. 2018 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп

 

 

3 тоқсан

  1.Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі.

  1. Теректі аудандық мәслихат хатшысының есебі.

 

 

4 тоқсан

 

  1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

 

 


Теректі аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

№9-5                                                                            2016 жыл 23 желтоқсан

 

 

2017 жылға арналған

Теректі аудандық мәслихаттың

жұмыс жоспарын бекіту туралы

 

        

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қосымшаға сәйкес Теректі аудандық мәслихаттың 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.

2. Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

 

Сессия төрағасы                                                                 М. Ибраев

 

 

Аудандық

мәслихат хатшысы                                                            Ә. Нұрғалиев

 

 

Қосымша

мәслихаттың 2017 жылғы 23 желтоқсандағы

№9-5 шешімімен бекітілді

 

 

 

Теректі аудандық мәслихаттың 2017 жылға арналған

жұмыс жоспары

 

1 тоқсан

 

1. Аудан мектктептері оқушыларының жазғы демалыстарының жағдайы мен дамуы туралы.

2. Богдановка селолық округі әкімінің атқарған жұмысы жөніндегі есебі туралы.

 

2 тоқсан

 

1. 2016 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы

2. Атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысы туралы.

3. Ақсоғым селолық округі әкімінің атқарған жұмысы жөніндегі есебі туралы.

4. 2017 жылғы 1 жартыжылдығының жергілікті полиция қызметінің есебі.

 

3 тоқсан

 

1. Аудан әкімінің аудандық мәслихат депутаттар алдындағы есебі.

2. Аудандық мәслихат хатшысының есебі.

3. Аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының атқарған жұмысы туралы есебі.

 

 

4 тоқсан

 

1. 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

2. 2017 жылғы 2 жартыжылдығының жергілікті полиция қызметінің есебі. 3. 2018 жылға арналған мәслихаттың  жұмыс жоспарын бекіту туралы.