Теректі аудандық мәслихатында Әлжан Жақсыгерейұлы Нұрғалиевтің төрағалығымен кезектен тыс 28-сессия өтті.

Сессияның күн тәртібі:

– Теректі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы;

– Теректі аудандық мәслихаттың учаскелік сайлау комиссияларының құрамын құру туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Кезектен тыс сессия жұмысына аудан әкімі Ғабдушев Тілекқабыл Александрұлы, аудан әкімі аппаратының басшысы, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.

Бірінші мәселе бойынша Теректі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Досанов Қайрат Сатыпалдыұлы сөз сөйледі.

Екінші мәселе бойынша мәслихат сессиясының шешімімен саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қаралып, Теректі ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілді.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер тұрақты комиссия отырысында қаралып, олар бойынша мақұлданып, тиісті шешімдер қабылданды.