2022 жылғы 19 шілдеде Aitube.kz платформасында тікелей эфирде аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы өтіп, онда 2 мәселе қаралды. Жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясының жұмысына аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Нұржанұлы Досмақов, аудан әкімдігінің өкілдері, аудандағы мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Сессия жұмысын аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрғалиев Әлжан Жақсыгерейұлы жүргізді.

Аудандық мәслихат депутаттары БҚО мәслихатының 2022 жылғы 8 шілдедегі № 12-2 шешімі негізінде 2022 жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау туралы мәселені қарады, енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2022 жылға арналған аудан бюджетінің жалпы көлемі 19 302 091 мың теңге құрады, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен берілетін трансферттер 12 885 503 мың теңге.

Сонымен қатар, мәслихат сессиясының шешімімен саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қаралып, Теректі ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілді.

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының талқылауына ұсынылған барлық мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

AITUB.KZ арнасына сілтеме

https://aitube.kz/video?id=58dfb942-6c17-45ec-be1c-35f7a6306eef