Отырыста келесі мәселелер талқыланды:

1. Теректі ауданы әкімдігінің «БҚО Теректі ауданы бойынша такси тұрақтарын ұйымдастыру мен жабдықтауды қамтамасыз ету туралы» қаулысының жобасы туралы.

2. «Теректі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 18-1 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Теректі аудандық мәслихатының шешімінің жобасы туралы.

3. «Теректі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Теректі аудандық мәслихатының шешімінің жобасы туралы.

4. «Теректі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,  тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Теректі аудандық мәслихатының шешімінің жобасы туралы.

Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес аталған жобаларды әкімдік отырысына және мәслихат сессиясына енгізу бойынша тиісті ұсынымдар әзірледі.