Теректі аудандық мәслихатының

ХАБАРЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы конституциялық заңының 19-бабының 6 тармағына сәйкес, Теректі аудандық мәслихатының  2022 жылғы 22маусымдағы № 23-7 «Теректі аудандық мәслихатының   2019 жылғы 10қаңтардағы №31-2 «Теректі ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  шешіміне сәйкес Теректі аудандық мәслихаты Теректі ауданы бойынша келесі учаскелік  сайлау комиссияларында бос орындар пайда болғанын хабарлайды:


1.   №350     - 1;

2. №351 – 2; 3. №353 – 2; 4. №354 – 2;

5.  №355     -  1;

6. №359 – 1;   7. №364 – 1;   8. №367 – 1; 9. №368 – 1; 10. №378 – 1; 11. №384 – 1; 12. №385 – 1; 13. №386 – 2; 14. №391 – 1; 15. №395 – 4; 16. №397 – 1;


Әрбір саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр үміткер  ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың учаскелік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы  ұсыныстарын қабылдау мерзімі 2022 жылдың 24 маусымынан 8 шілдеге дейін белгіленеді.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.

Мәслихат белгiлеген мерзіміне саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.

Саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер белгіленген уақытта  тиісті мәслихаттарға нақты сайлау комиссияларға ұсынған кандидатуралардың тізімін  және оған  қоса мына құжаттарды  ұсынады:

1. Белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер

2. Тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімі, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірмесі

3. Саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі

4. Кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары,сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Құжаттарды толтыру кезінде деректерге қате жібермеу мақсатында  аудандық мәслихат  ұсынылған кандидатуралардың өтініштеріне қоса  жеке куәлігінің көшірмесін ұсынуды  сұрайды.

Аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарды Теректі  аудандық мәслихаты мына мекенжайда: БҚО, Тееркті ауданы,Федоровка ауылы,Сұңқар к-сі ,18 үй, 12 бөлмеде, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (жұмыс күндері) қабылдайды.

 

Құжаттарды тіркеуге  және қабылдауға жауапты -аудандық мәслихат аппаратының басшысы Б.Кенжегулов, тел:23-1-31,21-4-14,21-9-35.

 

 

Теректі аудандық

мәслихат хатшысы                                 А.Нұрғалиев