Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде аудан мәслихатының шешім жобасы қаралып, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының және Ақжайық, Долин ауылдық округтері әкімдерінің «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы» есептері тыңдалды. Отырыстың қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес қабылданған баяндамаларды қабылдау туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған мәслихат шешім жобасымен танысты. Талқылау барысында аталған жобалар бойынша ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ. Кеңес сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру үшін конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін қарастырып, келісу туралы шешім қабылдады.