Теректі аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс туралы хабарландыру

 

Теректі аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы хабарлайды:

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік Ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) негізінде Теректі аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №2 отырысының хаттамасына сәйкес Теректі аудандық Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланатынын хабарлайды.

Қоғамдық кеңестің сандық құрамы: 12 адам.

Мемлекеттік органнан өкілдік: 4 адам.

Коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтардан өкілдік ету: 8 адам (коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады).

Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен кейін       10 (он) жұмыс күні ішінде (2022 жылғы 5 қаңтарынан бастап 2022 жылғы 20 қаңтарды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін).

Пошталық мекенжай: «Теректі аудандық мәслихатының аппараты» ММ, Теректі ауданы, Федоров ауылы, Сұңқар көшесі, № 18-үй, №11 кабинет, жұмыс телефон нөмірлері: 8(71132) 21414, 23131.

Электрондық поштаның мекенжайы:  ter-maslixat@mail.ru.

Жұмыс тәртібі: «Теректі аудандық мәслихатының аппараты» ММ сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс сенбі, жексенбі.

 «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабында Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын мынадай талаптар белгіленген:

  1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауы тиіс;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болмауы тиіс;

3) психикалық, мінез-құлықтық бұзылуларға (ауруларға) байланысты, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы.

  1. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылады:

1) Қоғамдық кеңестің құрамына кандидатураны ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды мемлекеттік органның немесе қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің ақпараттық жүйелерден көрсетілген анықтамаларды өз бетінше немесе жазбаша келісімі арқылы талап етуіне ұсынады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.

  1. Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған жағдайда сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді:

1) Заңның 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

2) Заңның 10-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбау;

3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған жағдайларда бұзылуы мүмкін.

 

Ұсыныстар мен мәлімдемелердің үлгілері (ворд)

Өтініштің үлгісі

Кімге: Теректі аудандық Қоғамдық кеңесін

қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының

басшысы

 

ТАӘ___________________________

жеке куәлік № __________________

____________________________ берілді.
Теректі ауданы, ______________ мекенжайы бойынша тұратын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Теректі аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатураны ұсыну туралы

ӨТІНІШ

 

Мен, ________________________________________________________,

(тегі, аты, әкесінің аты)

Теректі аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамына өз кандидатурамды ұсынамын.

Осы өтінішпен мен «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Заңның 10-бабының талаптарына сәйкестікті растаймын.

Мен мынадай құжаттарды қоса беремін:

1) жеке куәлік;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат Заңның 10-бабы, 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерден көрсетілген анықтамаларды талап етуіне жазбаша келісім арқылы ұсынады.

Осы өтінішпен соттылықтың болуы немесе болмауы туралы; психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы мәліметтерді сұратуға өзімнің жазбаша келісімімді беремін.

«___» ________ 20_____ ж.     ________________      _____________________

                                             (қолтаңбасы)      (қолтаңбаның толық жазылуы)

 

Ұсыныстардың үлгілері

 

РЕСМИ БЛАНК

ХАТТЫҢ ШЫҒЫС НӨМІРІ                               «____» ____________20___ жылғы

 

Кімге: Теректі аудандық Қоғамдық кеңесін

қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының

басшысы

 

____________ТАӘ

БИН: ___________, заңды мекенжайы: Теректі ауданы,               ауылы _______ көшесі, ______-үй.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Теректі аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатураны ұсыну туралы ұсыныс

_________________________________________________________________,

(коммерциялық емес ұйымның атауы)

__________________________________________________________________

Теректі ауданының аумағында тіркелген және (немесе) өз қызметін жүзеге асыратын заңды мекенжайы:

Теректі аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамына ұсыну үшін

__________________________________________________________________

__________________________________ болып табылатын қызметтің мақсаты

_________________________________________________________________,

_______________________________________ кандидатураны қарауды сұрайды,

                                                                                           (тегі, аты, әкесінің аты)

__________________________________________________________________.лауазымы (немесе басқа мәртебе)

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында Қоғамдық кеңес мүшесіне қойылатын талаптарға кандидаттың сәйкестігін растаймыз.

Мынадай құжаттарды қоса береміз:

1) жеке куәлік;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат Заңның 10-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерден көрсетілген анықтамаларды талап етуіне жазбаша келісім арқылы ұсынады.

Кандидатураның кәсіптік және (немесе) өзге де қызметі туралы мәліметтер өмірбаян деректерін көрсете отырып (оның ішінде: тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайын, туған күнін көрсету, оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса беру қажет) ұсынылады.

 

Кандидатураның қатысуға келісімі туралы өтініші қоса беріледі.

 

 «___»__________20____ ж.

_________________       ___________________       _____________________

(лауазымы)                                   (қолтаңбасы)                             (қолтаңбаның толық жазылуы)

         

              МО

 

Ұсыныстардың үлгісі

 

Теректі аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатураны ұсыну туралы ұсынысқа қосымша

 

Теректі аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатураны ұсынуға келісім

Мен, ________________________________________________________,

                                (тегі, аты, әкесінің аты)

«___» _____________ ________ жылы туған, жеке куәлік №_________________, (кімнен)___________ «___»____________ жылы берген,______________________________________________________________________________________________________________________________ мекенжайы бойынша (тұратын) тіркелген. 

Теректі аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамына өз кандидатурамды ұсынуға келісімімді беремін.

Осы өтінішпен мен «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы                             2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптардың Заңның 10-бабында сәйкестігін растаймын (құжаттар қоса беріледі) немесе осы мәліметтерді сұратуға өзімнің жазбаша келісімімді беремін (қажетінің асты сызылсын).

«___» ________ 20_____ ж.     ________________      _____________________

                                                 (қолтаңбасы)              (қолтаңбаның толық жазылуы)