2021 жылғы 28 желтоқсан күні  Теректі аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізіліп. Отырыста «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы», «2022-2024 жылдарға арналған Теректі ауданының ауылдық округтерінің бюджеттері туралы», «Теректі ауданы ауылдық округтері аумақтарында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы», «Теректі ауданының кейбір елді мекендері аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын бекіту туралы» және аудан әкімдігі жанындағы кейбір комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелері қаралды. Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаралған мәселелер Теректі аудандық мәслихатының кезекті 18 сессиясының күн тәртібіне енгізілді.Мәслихат сессиясында осы мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.