2021 жылдың 27 желтоқсаны күні сағат 16-00 де қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Отырыс жұмысына байқаушы ретінде Теректі аудандық «Теректі жаңалығы- Теректинская новь» газетінің редакторы Әділет Әлібекұлы Орынбасаров қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде  келесі мәселелер қаралды:

1.     Жұмыс тобын құру туралы.

2.     Жұмыс тобының басшысын тағайындау туралы.

Жұмыс тобының отырысын Теректі аудандық мәслихатының хатшысы  Нұрғалиев Әлжан Жақсыгерейұлы жүргізді. 2021 жылдың 20 желтоқсанында сайтта (интернет-ресурста) Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша хабарландыру жарияланған болатын, мәслихат хатшысының өкіміне сәйкес мемлекеттік органның екі өкілі белгіленді. Келіп түскен ұсыныстар мен өтініштерді қарап әр кандидатқа бөлек бөлек  дауыс беру арқылы жұмыс тобының мүшелері тағайындалды.

Жұмыс тобының құрамына келесі тұлғалар кірді:

1.       Талғат Қаблайұлы Тапалов

2.      Мусағалий Орынғалиұлы Төлегенов

3.      Ғұсман Құттыбайұлы Қатабаев

4.      Мария Матвеевна Плетеная

5.      Гүлбара Жасланқызы Айтқалиева

6.       Ержан Нұржанұлы Досмақов

7.       Болат Мұхитұлы Кенжегулов

Екінші мәселе жұмыс тобының басшысын тағайындау бойынша Ғұсман Құттыбайұлы Қатабаевтың кандидатурасы  ұсынылып,         бірауыздан   мақұлданды.