Өткен аптада ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нариман Төреғалиев, Ләззат Рысбекова және Батыс Қазақстан облысы мәслихатының хатшысы Бибігүл Қонысбаева жұмыс сапарымен аудан орталығында болды. Депутаттар аудан тіршілігімен танысып, аудан орталығындағы «Қазына» коворкинг орталығына барып, бүгінгі тынысын бағымдады. Депутаттар орталықтағы 528 жер телімін газдандыру жұмысын да көзбен көрді. ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарын Достық үйі, өңі кірген Теректідегі орталық стадион мен «Теректі» кешеніне арнайы барып, атқарылған жұмыстарды көріп жұмыс сапарларын аяқтады.