Сессия жұмысына аудандық мәслихаттың 11 депутаты, Теректі ауданы әкімінің орынбасары,ауданның тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Нұртазиев қатысты.

Аудандық мәслихат депутаттарымен күн тәртібінде «Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем бойынша шығыстары жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтардың санаттарын айқындау туралы» бір мәселе қаралды.

Ауданның тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Миржан Жанғазыұлы Нуртазиев депутаттарды шешім жобасы бойынша материалдармен және осы жобаны қабылдау қажеттілігімен таныстырды.Депутаттар бұл шешімге бірауыздан дауыс берді.

Аудандық мәслихаттың қабылдаған шешімі нормативтік құқықтық акт болғандықтан, ол Әділет Министрлігіне тіркеуге жіберілді.