Какижанова Шолпан Бижановна - №1 Ақжайық сайлау округінің депутаты. 1966 жылы туған, қазақ, білімі жоғары. Мамандығы –шет тілі пәнінің мұғалімі. Октябрдің 40 жылдығы атындағы мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі,Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінде мұғалім, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

Қазіргі кезде Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінің  директоры.

 

Утешев Мадияр Амангельдиевич -№2 Ақсуат сайлау округінің депутаты. 1977 жылы туған, қазақ, білімі жоғары. Ақтөбе медициналық академиясын бітірген. Казталовка аудандық ауруханасыда хируг, Теректі орталық ауруханасында хируг, қазіргі кезде Теректі орталық ауруханасының директоры қызметін атқарып келеді.

 

Мирхат Қажығалиұлы Жұмашев - №3 Ақсоғым сайлау округінің депутаты. 24.09.62 жылы туған, қазақ, білімі  жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген, мамандығы «зооинженер».

Шолохов атындағы совхозда зоотехник селекционер қызметін атқарған.

Қазіргі  уақытта  «Жумашев» шаруа қожалығының басшысы.

II, V шақырылған Теректі аудандық мәслихатының депутаты.

 

Букенбаев Амангали Бахитович - №4 Аңқаты сайлау округінің депутаты.

-1959 жылы туған, қазақ, білімі жалпы орта. №78 кәсіптік техникалық училище,Орал мехзанизация техникумын бітірген, мамандығы механик-электрик. «Уральскпромстрой» слесарь, КТУ-78 кәсіптік оқыту мастері, Ақжайық «Сельхозэнерго» инженер-электрик, Ақжайық аудандық ауыл шаруашылық басқармасы техникалық қауіпсіздік инженері,Ақжайық механизациялық орман шаруашылығы- механик, Ақжайық жөндеу –техникалық кәсіпорнында- бас инженер-технолог, Ақжайық  орман шаруашылығы өндіріс кәсіпорнында бас инженер- механик қызметтерін атқарған.

Қазіргі уақытта «Бақыт» шаруа қожалығының басшысы. 

 

Жошы Райхан Бауыржанқызы - №5 Подстепный сайлау округінің депутаты.1987 жылы туған, қазақ, білімі жоғары. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтаған.Теректі орталық аурухансында дәрігер қызметін атқарған.

Қазіргі кезде Подстепный дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі. 

 

Савичев Федор Николаевич - № 6 Приреченский сайлау округінің депутаты. 26.09.54 жылы туған, украин, білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген, мамандығы «инженер-механик».

«Трудовик» совхозында  бригадирдің көмекшісі, қауіпсіздік  техникасы бойынша  инженері, «Трудовик» ұжымдық  кәсіпорынның директоры қызметтерін атқарған.

Қазіргі уақытта  «Приречное» ЖШС директоры.

«Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

III, IV, V шақырылған Теректі аудандық мәслихатының депутаты.

 

Галкин Виктор Иванович - № 7 Төңкеріс сайлау округінің депутаты. 01.01.55 жылы туған, орыс, білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шарушылығы институтын бітірген, мамандығы «ғалым агроном».

Теректі ауданы Калинин атындағы колхоздың мәденит үйінде меңгеруші, жүргізуші, кәсіподақ комитетінің төрағасы, Төнкеріс селолық округі атқару комитеті төрағасы, «Долинский» совхозы партия комитетінің хатшысы, директорының орынбасары, кәсіподақ комитеті төрағасы, Чапаев атындағы колхоз төрағасы, СПК төрағасы, «Иваныч»  ЖШС директоры қызметтерін атқарған.

Қазіргі уақытта «Иваныч» ШҚ басшысы.

 

II, III, IV, V шақырылған Теректі аудандық мәслихатының депутаты.

 

 

Тимур Өтегенұлы Батыров - №8 Пригородный сайлау округінің депутаты. 23.07.70 жылы туған, қазақ, білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы инситутын бітірген.

«Уральский» совхозында мал шаруашылығының бригадирі, АЗС операторы қызметтерін атқарған.

Қазіргі уақытта жеке кәсіпкер.

V шақырылған Теректі аудандық мәслихатының депутаты.

 

Мукашев Вячеслав Уфич - № 9 Федоровка сайлау округі депутаты. 1954 жылы туған, қазақ, білімі жоғары. Орал ауыл шаруашылығы техникумын, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Теректі ауданының «Амангелді» атындағы колхозда агроном, аудандық комитетте инструктор, бөлім басшысы, «Красный Октябрь» колхозында колхоз басқармасының жастар мәселесі жөніндегі орынбасары, жанар май құю станциясының операторы, Теректі аудандық әкімшілікте ұйымдастыру бөлімі меңгерушісі, Теректі ауданы әкімі аппараты басшысы,Федоровка селолық округі әкімі, ауданның кәсіпкерлік бөлімі басшысы,ауданның ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта «НұрОтан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары.

 

 

Әлжан Жақсыгерейұлы Нұрғалиев -  №10 Школьный сайлау округінің депутаты. 01.01.60 жылы туған, қазақ, білімі жоғары. Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін бітірген.

Аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Қазіргі уақытта  Теректі аудандық мәслихатының хатшысы.

V шақырылған Теректі аудандық мәслихатының депутаты.

 

Плотникова Елена Николаевна - № 11 Шаған сайлау округінің депутаты. 1965 жылы туған, орыс, білімі жоғары. Орал педагогикалық училищесін, А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітірген, мамандығы орысы тілі және әдебиет мұғалімі. Шаған орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі қызметін атқарған.

Қазіргі кезде Шаған орта мектебі директорының оқу- тәрбие жөніндегі орынбасары.

 

Ибраев Мирхат Мақсотович - № 12 Шағатай сайлау округінің депутаты. 1980 туған, қазақ, білімі жалпы орта. Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжін ағылшын тілінің мұғалімі, М.Өтемісов атындағы университетін информатика мамандығы бойынша тәмамдаған. Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінде мұғалім, Подстепный ауылында «Жігер»жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «НұрОтан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының референті, есеп және статистика секторының меңгерушісі, ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің кеңесші қызметтерін атқарған.

Қазіргі кезде «Теректі ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің «Жастар жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы. 

 

Уразгалиева Жанылсын Балтабаевна. - №13 Шалқар сайлау округінің  депутаты. 1975 жылы туған, қазақ, білімі жоғары. Орал педогогикалық училищесін, М.Өтемісов атындағы БҚМУ бітірген. Шалқар негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Сарыөмір ауылындағы «Өркен» мектепке дейінгі ұйымның директоры қызметін атқарып келеді.