Теректі аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

№19-1                                                                                   2018 жыл 14 ақпан

 

Теректі аудандық мәслихатының

кейбір шешімдерінің күші

жойылды деп тану туралы

 

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 02.03.2018 жылы №5072 болып енгізілді

 

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қосымшаға сәйкес Теректі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (В. Мустивко) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                                    М. Жұмашев

Аудандық

мәслихат хатшысы                                                               Ә. Нұрғалиев

 

Теректі аудандық мәслихаттың

              2018 жылғы 14 ақпандағы

 №19-1 шешіміне қосымша

 

Теректі аудандық мәслихатының

кейбір күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

 

1. Теректі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №9-1 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4661 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

2. Теректі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 наурыздағы №10-1 «Теректі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №9-1 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4748 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

3. Теректі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы №12-2 «Теректі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №9-1 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4829 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

4. Теректі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 қазандағы №15-1 «Теректі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №9-1 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4945 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

5. Теректі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №17-1 «Теректі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №9-1 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5003 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

6. Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 қаңтардағы №8-4 «Теректі ауданының елді мекендерінің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкаларын 50 пайызға жоғарылату туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3178 болып тіркелген, 2013 жылғы 22 ақпанда «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» газетінде жарияланған);

7. Теректі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 5 қарашадағы №30-2 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4154 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).