Теректі аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

№20-2                                                                                                                       2018 жыл 30 наурыз

 

Теректі аудандық мәслихатының 2014

жылғы 5 ақпандағы № 18-3 «Теректі

ауданының әлеуметтік көмек көрсету,

оның мөлшерлерін белгілеу және

мұқтаж азаматтардың жекелеген

санаттарының тізбесін айқындау

қағидасын бекіту туралы» шешіміне

өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 13.04.2018 жылы №5152 болып енгізілді

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Теректі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 ақпандағы № 18-3 «Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3429 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 ақпанда «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

8- тармақта 2) тармақша алынып тасталсын;

9 – тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшасымен толықтырылсын:

«10) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға табыстарын есепке алмай 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.»;

көрсетілген қағиданың 3 - қосымшасында «екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 20 000» деген сөздер «екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 60 000» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (В.Мустивко) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                                                                             М. Жұмашев

Аудандық

мәслихат хатшысы                                                                                                       Ә. Нұрғалиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Батыс Қазақстан облысы

әкімінің орынбасары                                                                                                        Б. Қонысбаева

 

2018 жыл «30 » наурыз