2018 жылдың 12 қаңтарында аудан әкімдігінің кіші залында Қоғамдық кеңес өткізілді. Кеңес жұмысына облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар қатысты.

 

Қоғамдық кеңес алдында аудан әкімі Кәрім Кәримоллаұлы Жақыпов атқарған жұмысы жөнінде есеп берді. Аудандық мәслихат хатшысы Ә. Нұрғалиев, Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Ғ. Қатабаев қосымша баяндама жасады. Облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар өзінің баяндамасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық Кеңес жұмысына оң нәтиже берді.