ХАБАРЫ

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан  Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты  сайлау комиссияларының құрамындағы өзгерістерге сәйкес ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды.  

 «Қазақстан патриоттар партиясы» қоғамдық бірлестігінің таратылуы  және  сайлау комиссиясы мүшелерінің өтініштері комиссия құрамдарының өзгеруіне негіз болды.

Саяси партиялардан округтік  және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарын  қабылдау мерзімі - 2017 жылдың 25 тамызынан 25 қыркүйекке дейін белгіленеді. Мәслихат белгіленген мерзімде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда өзге қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қабылданады.

Округтік  және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарды  Теректі аудандық мәслихаты  мына мекенжайда: Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Юбилейный көшесі,18 үй,12  кабинетте сағат 9-дан 18-30-ға дейін қабылдайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір үміткер ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураны ұсынуға құқылы.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясына үміткер тиісті комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруға тиіс.

Көрсетілген мерзімде саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктер нақты сайлау комиссияларына ұсынылатын үміткерлердің тізімдерін аудандық мәслихатқа жолдайды, оған мыналарды жалғайды:   

    1) тиісті сайлау комиссиясының құрамына үміткерді ұсынғаны туралы саяси партия органы  немесе басқа да қоғамдық бірлестіктердің жарғысына сәйкес, тиісінше өкілеттіктері бар, олардың құрылымдық бөлімшелері мәжілісінің хаттамаларынан суырмаларды;    

     2) саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің  әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесін;

3) сайлау комиссиясының нөмірі көрсетіліп, оның  жұмысына қатысуға келісімі туралы  үміткердің  өтініші .

4) құжаттарды толтырарда анкеталық деректемелерде қателіктер жіберілмеуі мақсатында,  мәслихат ұсынылатын үміткердің өтінішіне жеке куәлігінің көшірмесін қоса жолдауды сұрайды.

       Округтік  және учаскелік   сайлау комиссияларының құрамындағы босатылған орындар туралы ақпаратты аудандық  мәслихаттан  23-1-31,21-4-14 телефондар арқылы алуға болады.

 

               

Аудандық мәслихат хатшысы                                                                              Ә.Нұрғалиев