2017 жылдың 16 тамызында  аудандық мәслихаттың кезектен тыс сеесиясы  аудан әкімдігінің үлкен залында өтті.

Сессияда ағымдағы жылдың І тоқсанына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы есептік баяндамасымен аудан әкімі Карим Жакупов сөз сөйледі.

Аудан басшысының айтуынша, өткен жартыжылдың қорытындысы бойынша қойылған тапсырмалар жалпы орындалғанын көрсетті. Оның көбі аудан әкімінің есепті кездесулерінен көрініп тұр. Ауыл тұрғындары бірқатар мәселелер көтеріп, олар өз шешімдерін тапты. Соның ішінде: аудан орталығындағы Тәуелсіз көшесінің күрделі жөнделуі, тұрғын үй құрылысы, ауданның солтүстік ауылдарын газдандыру, Жайық стансасының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету.

2017 жылдың 1 шілдесіне аудан бюджеті  7 млрд. 946 млн. 858 тенгені құрады. Кіріс бөлігі 105,6% орындалды, асыра орындалуы- қайтқан бюджеттік кредиттер. Бастапқы бөлігі 99,8% орындалды. Барлық қаражат ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған.

Ауданда  шағын және орта бизнестің белседі дамуы атап көрсетілді.

Барлығы-1467 бизнес субъектісі тіркелді. Оның ішінде -1257 белсенді болып табылады. Олар 4 млрд. 591 млн. 162 м.т. сомасына өнім  шығарды. Ауданда  көптеген мемлекеттік  бағдарламалар іске асырылуда.

Ауыл шаруашылық тақырыбына тоқталсақ, аудан әкімі қазіргі таңда ауданда 446 ауылшаруашылығының құрылымдары жұмыс істейтінін атап өтті. өнімнің жалпы шығарылымы 4 млрд 918,0 тг. құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнім шығарылымы 1,8% құрады. Егіс алқаптарының өсуі, қазіргі таңда 122 233 га құрайды. Барлық ауыл шаруашылық дақылдары түрлерінің  егіс тапсырмалары 100%-дан астам орындалды. Басталған егiстiң жаздық астық дақылдарын жинау жұмыстары  жақсы үміт беруде. Мал шаруашылығы саласы табысты дамып келеді.

«Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде аудан шаруашылықтарымен ІҚМ сатып алынуда. Малдың табысты қыстау кезеңінен шығу үшін  80962 тонна азық қоры әзірленді, яғни, бұл 70% құрайды.

Аудан әкімі айтқандай, мал шаруашылығы даму жолының бірі  жайылым жерлерді суландыру. Бұл бағытта ұзындығы 45 шақырым  «Жайық-Шалқар» арнасын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаның жалпы сомасы 106 млн т. Оның жаңғыруы  алдағы уақытта  бау-бақша және басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруге мүмкіндік береді. Мал шаруашылығы саласының барлық шаруашылық субъектілерімен 19138  тонна сүт, 3108 тонна ет, 3 млн. 546,1 тұқым өндірілді.

Ауданда 5 ауыл шаруашылық  кооперативі құрылып жұмыстануда. Оның ішінде 3- малдарды бордақылаумен, 2- сүт өнімдерін  өндірумен айналасуда.  20 жұмыс орны ашылды.

Кәрім Каримоллаұлы айтуы бойынша  жер қатынастары саласында  биыл алаңы 6707 га, 16 жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Ауданда құрылыс мәселесі, әліде өзекті мәселесі  болып отыр.

Баяндамадан  кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету  мақсатында,  жобалау бойынша жұмыстар аяқталып, Федоровка және Ақжайық  ауылдарында  3 қабатты тұрғын үй салуға, кешенді ведомстводан тыс сараптасының  оң қорытындысы берілді.

Жоба бойынша Федоровка ауылында  36 пәтер, Ақжайық ауылында 24 пәтер салу жоспарланды. Федоровка ауылында 16 жалдау үй салына басталды.

Сумен қамтамасыз ету мәселесінің  маңызы да өзекті болып отыр.  «Селолық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің дамуы» бағдарламасы бойынша Ақжайық, Аңқаты ,Новопавловка,Ақсуат  ауылдарында  су құбырларын жаңғырту және  Сары-Өмір ауылында су құбырларын салу бойынша жұмыс жүргізілуде. Баяндамашының айтуы бойынша  құрылыс-монтаждық жұмыстардың  жалпы сомасы 771 млн.610,5 мың т. құрады.

Баяндамада, ауданның аса маңызды,  газ жетпеген елді мекендерді газдандыру тақырыбы да  орын алды.

Коммуналдық шаруашықты дамыту бағдарламасы бойынша  ауданның 20 елді мекенін газбен қамтамасыз етуге ЖСҚ әзірлеуге ашық конкурстар жарияланды (Долинный, Төңкеріс, Қоныссай, Қабыл төбе, Новая Точка, Сүттегенді, Тасан -Шеген, Бекей, Донецк, Богдановка, Придорожное,

Приречный, Алғабас,  Сарсеново, Шөптікөл, Сатымшеген, Дуана, Бозай, Рыбцех, Қарабас). Қазіргі таңда ЖСҚ әзірленуде.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау аясында  399 адам, мемлекеттік көмегінсіз, жұмысқа орналастырылды,120- әлеуметтік жұмыстарға жіберілді, 11- «Жастар саясаты» бойынша, 406- ақылы қоғамдық жұмыстарға, 45- кәсіби  қайта даярлыққа, 56- «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша бизнес негіздеріне оқуға, 23 адам, мемлекеттік бағдарламалар арқасында жұмысқа орналастырылды.

Білім саласында  Сары өмір ауылындағы орта мектепте, жалпы сомасы 150 556,0 тенге, күрделі жөндеу жүргізілуде. Алдағы уақытта осындай жөндеу  Ақсуат және Долинный мектептерінде жүргізілетін болады.

Баяндамада айтылғандай, денсаулық сақтау саласындағы  6 елді мекендерде денсаулық сақтау объектілерін салу қажет, ал 20-сы- күрде жөндеуді талап етеді. Ағымдағы жылда  14 объектілерді  күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттарың  әзірлеу жоспарланды. Қазіргі таңда 8 объектілердің құжаттары әзірленді. Күрделі жөндеу ауданның орталық ауруханасының ғимаратында басталды.Осы мақсаттарға 479 млн. 839,3 мың тенге бөлінді. Мәдениет саласында Подстепный ауылында   300 орындық Медениет үйін  салу бойынша жұмыс жүргізілуде.Құрылыс-монтаж жұмыстарының құны- 319,6 мың тенге. Перспективада - Жаңа Өмір ауылында мәдениет үйін, Подстепное ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу.

Крименогендік жағдай  бөтен адамның мүлкін ұрлау, пәтер ұрлығы, ұялы телефондарын, мал ұрлау фактілерінің төмендеуімен сипатталады.

Баяндама аяқталғаннан кейін, кейбір комиссиялардың жұмысына байланысты, басқа да  ұйымдастырушылық сәттер қаралды.

Сессия қорытындысы бойынша депутаттар  аудан әкімінің есебін бірауыздан  қабылдады. Сессия аяқталғаннан кейін  аудан әкімі Жакупов Карим жемісті қызмет атқарған үшін депутаттарға  алғысын білдіріп, ауданда бірқатар жұмыстардың атқарылғанын және алдағы уақытта күрделi түйiндi мәселелерді орындау үшін  күш-жігерін  жұмылдыру керек екенін атап өтті.

Кәрім Каримоллаұлы жиналғандарға істеріне сәттілік тіледі. Жағдайды пайдалан отырып аудандық аурухананың жаңадан Қаратөбе ауданынан келген басшысы, Зеил Магзомовты  таныстырып өтті.