2021 жылғы 3 маусымда таңдаушылар отырысында, аудандық мәслихат депутаттары-таңдаушыларымен  ауданның 3 ауылдық округінің әкімдері сайланды. Аудандық мәслихатының 12 депутатынан барлығы 12 депутат қатысты. Долинный және Покатиловка ауылдық округтері әкімдерінің лауазымдарына аудан әкімімен 3 кандидатура ұсынылды, Аңқаты ауылдық округінің әкімі лауазымына 2 кандидатура ұсынылды. Долинный және Покатиловка ауылдық округтері әкімдерінің лауазымдарына аудан әкімі 3 кандидатура ұсынды, Анқаты ауылдық округінің әкімі лауазымына 2 кандидатура ұсынылды. Сайлау қорытындысы бойынша Анқаты ауылдық округінің әкімі лауазымына 12 дауыстың 10 - ын жинаған Асқар Килишұлы Хайрекеев, Долинный ауылдық округінің әкімі лауазымына 12 дауыс жинаған Талғат Бисенғалиұлы Манатауов және Покатиловка ауылдық округінің лауазымына 12 дауыстың 10-ын жинаған Әділбек Искендирович Дусенов сайланды. Бұл сайлаушы депутаттардың ауылдық округтер әкімдерін соңғы жанама сайлауы болды, өйткені 5 маусымнан бастап сайлау заңнамасы саласындағы өзгерістер күшіне енеді, оған сәйкес ауылдық округтердің әкімдері жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланатын болады.

Ауылдық округ әкімдерін сайлау аяқталғаннан кейін аудандық мәслихат депутаттары аудандық мәслихаттың 6 кезекті сессияның жұмысына қатысты. Күн тәртібінде 6 мәселе болды:

1) Теректі ауданының 2020 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуы туралы аудан әкімдігінің жылдық есебін бекіту туралы.

2) 2020 жылға арналған Теректі ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есептерін бекіту туралы

3) Жеке тұрғын үй қорынан берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі шығыстар жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтар санатын айқындау туралы

4) Теректі аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 31-2 «Теректі ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамын  қалыптастыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

5)Теректі ауданының Новопавловка ауылдық  округі мен Новопавловка ауылын қайта атау туралы

6)Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы туралы

Үшінші мәселе бойынша дауыс беру кейінге қалдырылды, себебі депутаттардың қарауына Әділет министрлігімен келісуді талап ететін нормативтік құқықтық акт ұсынылды, сессияны өткізу кезінде Әділет министрлігімен келісім алынған жоқ. Сессия жұмысында үзіліс жарияланды.

Күн тәртібінің қалған мәселелері бойынша тиісті шешімдер қабылданды