2021 жылғы 13 мамыр күні  аудандық мәслихат депуттары  ауданның 2 округінің  әкімдерін тағайындады. Әрбір бос лауазымға аудан әкімімен 3 үміткерлер ұсынылды. Сайлау нәтижесі бойынша Ақсоғым ауылдық округінің әкімінің лауазымына 11 дауыстан 9 дауыс жинаған Дуйсенгалиев Муфтах Гумарович,Ақсоғым ауылдық округінің әкімініңлауазымына 11 дауыс жинап  Ерсаинов Жалгас Нурланович тағайындалды.

Селолық округтері әкімдерін сайлауды аяқтағаннан кейін, мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырыс болып өтті.  Күн тіртібіне 2 мәселе шығарылды:

1) 2020 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есебі туралы;

2) 2020 жылға арналған селолық округтерінің  бюджеттердің орындалуы туралы жылдық есебі туралы.

Бюджет бағдарламалар әкімшілерінің, селолық округтері әкімдерінің  баяндамалары және әкімдіктің уәкілетті тұлғасы (ауданның экономика және қаржы бөлімі) 2020 жылға арналған аудандық  бюджеттің орындалуы туралы тыңдалды. Сондай-ақ аудандық  бюджеттің орындалуы туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі талқыланды.

Отырыс  соңында  «2020 жылға арналған аудандық  бюджеттің орындалуы туралы» есептерді назарға алужәне аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге жолдау туралы қаулы қабылданды.