Теректі аудандық мәслихатының

ХАБАРЫ

 

Теректі аудандық мәслихатының  2021 жылғы 27 сәуірдегі № 5-17 «Теректі аудандық мәслихатының   2019 жылғы 10 қаңтардағы №31-2 «Теректі ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  шешіміне сәйкес Теректі аудандық мәслихаты Теректі ауданы бойынша келесі учаскелік  сайлау комиссияларында бос орындар пайда болғанын хабарлайды:

1. №350 - 5; 6. №362 – 2; 11. №373 – 1;  16. №386 – 3; 21.  №398 – 1;
2. №352 – 1; 7. №364 – 3; 12. №376 – 2; 17. №388 – 3;  
3. №356 – 1; 8. №367 – 1; 13. №378 – 1; 18. №389 – 1;  
4. №358 – 1; 9. №368 – 1; 14. №384 – 1; 19. №395 – 2;  
5.  №360 - 1; 10. №369 – 1; 15. №385 – 1; 20. №396 – 2;  

Әрбір саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр үміткер  ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың учаскелік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы  ұсыныстарын қабылдау мерзімі 2021 жылдың 4 мамырынан 19 мамырына дейін белгіленеді.

Мәслихат белгiлеген мерзіміне саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.

Саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер белгіленген уақытта  тиісті мәслихаттарға нақты сайлау комиссияларға ұсынған кандидатуралардың тізімін  және оған  қоса мына құжаттарды  ұсынады:

1. Саяси партияның және жарғы бойынша тиісті уәкілеттігі бар  өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрамдық бөлімшелері отырысының хаттамасынан  тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсынатыны туралы  үзіндінің көшірмесі.

2. Саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бiрлестiктің, не оның құрылымдық бөлiмшесiнің әдiлет органдарында тiркелгенi туралы құжаттың көшiрмесi.

3. Сайлау комиссиясының нөмірін көрсете отырып, кандидаттың сайлау комиссиясының  жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiші.

Құжаттарды толтыру кезінде деректерге қате жібермеу мақсатында  аудандық мәслихат  ұсынылған кандидатураның өтінішіне қоса  жеке куәлігінің көшірмесін ұсынуды  сұрайды.

Аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарды Теректі  аудандық мәслихаты мына мекенжайда: БҚО, Тееркті ауданы, Федоровка ауылы, Сұңқар к-сі ,18 үй, 12 бөлмеде, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (жұмыс күндері) қабылдайды.

 

Құжаттарды тіркеуге  және қабылдауға жауапты - аудандық мәслихат аппаратының басшысы Б.Кенжегулов, тел:23-1-31, 21-4-14, 21-9-35.

 

Теректі аудандық мәслихаты