2021 жылғы 27 сәуірде онлайн форматта Google Meet платформасында  Теректі аудандық мәслихатының жетінші шақырылымынң 5 кезектен тыс сессиясы болып өтті.

Сессия жұмысына Теректі ауданының әкімі А.Утегулов, аудан әкімінің орынбасарлары, селолық округтері әкімдері, экономика және қаржы бөлімі басшысы Г.Байрамова қатысты.

Мәслихат депутаттары 15 селолық округтерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу және селолық округі мен ауылды қайта атау бойынша мәселелер қаралды. Сондай-ақ депутуттарға мәслихат аппаратының құрылымын қарастыру және  сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу бойынша мәселелерді қарау ұсынылды.

Экономика және қаржы бөлімі басшысы Байрамова Гүлвира Әлбекқызы депутаттарды селолық округітері бюджеттеріне енгізуге жататын өзгерістермен, селолық округі әкімі Әубәкіров Әсет Сәбитұлы  тиісті құжаттар ұсына отырып Федоров селолық округі мен Федоров ауылын қайта атау бойынша ұсыныс енгізді, сессия төрағасы Идиятов Сержан  Серікұлы  депутаттарды өзге де мәселелермен таныстырып өтті.

Барлық қаралған мәселелер бойынша  депутаттық корпуспен тиісті шешімдер қабылданды.