2021 жылғы 31 наурызда  Google Meet  платформасында онлайн форматта  Теректі аудандық мәслихатының  4 кезектен тыс  сессиясы өтті.

         Сессия жұмысына аудан әкімі А.Өтеғұлов, аудан әкімінің орынбасары  А.Тугузбаев, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысы міндетін атқарушысы С. Айткалиева және  жер қатынастары бөлімі басшысы міндетін атқарушысы А.Ширшова  қатысты.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1. Теректі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №48-8 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2. Теректі ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы.

Бұл мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы  бөлімінің басшысы міндетін атқарушысы Айткалиева Сандуғаш Сайынқызы және аудандық жер қатынастары бөлімі басшысы міндетін атқарушысы Ширшова Анна Владимировна тыңдалды.