2021 жылғы 26 ақпанда Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Қонысбаева Бибігүл Тишанқызы жұмыс сапарымен Теректі ауданына келді. Сапар барысында аудан әкімі А. К. Өтеғұловпен, аудандық мәслихат депутаттармен, аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында Шөптікөл ауылының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша берілетін жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға несие алушылар тізіміне ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бас мамандары мен ветеринарлық санитария қызметкерлерін қосу, ауданның солтүстік бөлігіндегі су көздерің кеуіп қалуы сияқты мәселелер қозғалды. Аудандық мәслихаттың қызметімен және бір жылға арналған жұмыс жоспарымен танысты.