2021 жылғы 16 сәуірде онлайн форматта Google Meet платформасында жетінші шақырылған Теректі аудандық мәслихатының 3 кезекті сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Теректі ауданы әкімінің міндетін атқарушы А. А. Байғазиев, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г. А. Байрамова қатысты.

Сессияда депутаттар негізгі мәселелердің бірі ретінде Теректі аудандық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын қарастырды.

Барлық қаралған мәселелер бойынша депутаттық корпус тиісті шешімдер қабылдады