Теректі аудандық мәслихатының сессия төрағасының ШЕШІМІ №  73

 

2020 жыл 16 қараша

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 47-ші  сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10- бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

 Аудандық мәслихаттың 47-ші кезектен тыс сессиясы 2020 жылғы 20 қараша  күні  онлайн режимінде сағат 11.00-де келесі күн тәртібі бойынша шақырылсын:

Сессияның күн тәртібіне ұсынылатын мәселелер:

1. Теректі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №37-1 «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 2. Басқа да мәселелер. 

Сессия төрайымы Ш. Какижанова